Гемодиализге тәуелді науқастар көбейді
Жыл сайын елімізде созылмалы бүйрек ауруына шалдығып жатқан адамдардың саны артуда. Қазақстан бойынша 9000-нан астам науқас гемодиализ қабылдап, өмірінің соңына дейін аппаратқа таңылады. Ауру адам да, жас та талғамайды. Жастардың да, қарт кісілердің де денсаулығын алып жатыр. Дәрігерлер аурудың алдын алуға және жыл сайын дәрігердің тексерісінен өтіп тұруға кеңес береді.Аурудың бірден-бір себептері- гайморит, тістің шіруі және баспа, яғни ангина ауруынан толық емделмей уақтылы дәрі-дәрмек қабылдамаудан созылмалы бүйрек ауруына әкеліп соғу қауіпі бар. Аурудың алдын алуға болады. Ол үшін арнайы формуланы қолданып, оның көрсеткіші бойынша дәрігерге қаралсаңыз,-болады дейді мамандар.Ауру айтып келмейді. Дегенмен де оның алдын алуға болады. Кез-келген аурумен сырқаттансаңыз дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгініңіз, болмаса оның арты созылмалы ауруларға, тіпті мүгедетікке әкеліп соғуы мүмкін, деп дабыл қақты мамандар.
Количество показов: 283
Дата создания: 23.08.2024 09:34:41