Жер астымен өтіп жатқан газ құбырын жөндеген компания жұмысшылары Есет батыр көшесіндегі №114 үй ауласындағы қоқыс алаңына баратын жолды қиратқан. Жол бұзылғалы қоқыс алатын көліктер аулаға келмей қойған. Тұрмыстық қалдықтар үйілген үстіне үйілуде. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер жолды қалпына келтіреміз деп уәде еткен. Бірақ мамыр айынан бері төбе көрсетпей отыр. Құрғақ уәдеге тойған тұрғындар аң-таң.Бұл қоқыс алаңы мына тап-таза ауланың сәнін бұзып тұр. Есет батыр көшесіндегі №114-ші үй тұрғындарының сөзінше, үш ай бұрын аула қазіргіден де таза болған. Газ қызметіненбіз деп өздерін таныстырған жұмысшылар мамыр айының басында асфальт жолды қопарып екі күн бойы жұмыс істеген. Жерді қазып, газ құбырын алмастырған. Тұрғындар осылай деп көргендерін жеткізді. Бірақ жұмысты қандай компанияның жүргізгенінен хабарсыз.
Қоқыс алаңына апаратын жол бұзылғалы тұрғындар қоқыстарын контейнерлерге жетпей лақтыруды әдетке айналдырған. Үш айдың ішінде көп қабатты үйдің тазалығы әбден бұзылды дейді жұртшылық.
Тұрғындардың ауласын "КазТрансГазАймақ" ЖШС-гі жалдаған газ жөндеуші жеке компания бүлдірген. Бұзылған жолды екі аптаның ішінде жөндеп беруге уәдесін берді. Жеке мекеме өкілі аталған аумақта 8 метр болатын газ құбыры жаңартылғанын мәлімдеді. Жұмыстар бөлінген қаржы жетпей қалғандықтан тоқтап қалған. Сондықтан жолды қалыпқа келтіру жұмыстары кейінге қалған. Ал өз аулаларының тазалығына алаңдаған тұрғындар мәселенің тезірек шешілгенін күтіп жүр.
Количество показов: 654
Дата создания: 14.07.2021 18:45:42
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>