Газ қызметі мамандары мен құтқарушылар жарылысқа жол бермеді
Бүгін Заречный-4 елді мекенінде Камаз жүк көлігі жол бойындағы жер үсті газ желісін түйіп кетті. Желі тартылған газ шкаф-бекетінде өрт бірден лап ете қалды. Көктайғақтан рольге ие бола алмай қалып, апатқа ұшыраған жүргізуші зардап шекті. Камаз өртенді. Алдын ала ойластырылған оқиға желісімен дереу газ қызметіне, құтқарушыларға хабар түседі. Мұнда бастысы жарылыстың алдын алу. Газ қызметкерлері бірден 25 тұрғын үй мен 4 мекемеге көгілдір отын таратып тұрған шкаф- бекетке газ беруді тоқтатты. Аумақ қоршауға алынып, жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.
Жарақаттанған Камаз жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға әкетілді. Өрт сөндіріліп, құлатылған құбыр қалыпқа келтірілді. Осыдан кейін ғимараттарды көгілдір отынмен қамту қайта жанданды. Оқу-жаттығуға жұмылдырылғандардың әрқайсысы өз міндетін тиянақты, әрі жылдам жасауға күш салды.
Количество показов: 1376
Дата создания: 10.11.2017 18:55:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>