Газ құбырлары жаңартылып жатыр
Диаметрі 630 мм - ді құрайтын газ құбырлары күз мезгіліне дейін орнатылып болады деген жоспар бар. Жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын газ құбырлары "Ibis" қонақ үйінен бастап Тургенев көшесіне дейін тартылады. Модернизация жұмыстарына әзірге 1 техника мен 5 жұмысшы жұмылдырылған. Бөлінген қаражат сомасы 1 млрд 300 млн теңгені құрайды. Себебі, шаһардағы газ құбырларының басым бөлігі ескірген. Шамамен 30 жылдай уақыт болған. Осыған орай шаһарда Тургенев көшесінен бастап, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын "Ibis" қонақ үйіне дейінгі газ құбырлары жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда модернизация жұмыстары "Ibis" қонақ үйі мен "Keruen city" ойын - сауық орталығының алдында жүріп жатыр.Газ құбырларын жаңарту жұмыстарына 1 бригада, яғни 1 техника мен 5 жұмысшы жұмылдырылған. Алдағы уақытта техника мен жұмысшылардың санын арттыру жоспарда бар. Газ құбырларын жаңарту жұмыстары техниканың көмегімен және қолмен жерді қазу бойынша жүргізілетін болады.Количество показов: 309
Дата создания: 26.06.2024 09:36:41