Гастарбайтерлер тиелген автобус ұсталды
Бүгін жол сақшылары «Самара-Шымкент» тас жолының 755 шақырымында шамадан тыс жолаушы тиеген екі автобусты тоқтатты. 60 орындық көліктің әрқайсысына 25-30 адамнан артық тиелгендегі анықталды. Жолаушылардың барлығы- Ресейге жұмыс іздеп бара жатқан Өзбекстан азаматтары. Автобустың жүргізушілерінің бірі- Оңтүстік Қазақстан облысынан, екіншісі- Өзбекстан азаматы. Екеуіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Артық тиелген жолаушылар сапарларын басқа көлікпен жалғастыратын болады.
Жол полициясы басқармасының инспекторы Анар Тынышпағамбетованың айтуынша, бұл жыл басынан бері тіркеліп отырған 66-шы дерек. Әкімшілік құқық бұзған көлік жүргізушілерінен 576 мың теңге айыппұл өндірілген.
|
Количество показов: 2009
Дата создания: 04.05.2013 18:38:04