Гір көтеру-мықтылардың спорты
Азамат Егізбаев жеке сот орындаушысы. Әуесқой спортшы гірді кері көтеру сайысына біраз уақыт жұмсап, дайындалып келгенін айтады. 2 жыл бойы бұл спорт түрінің қыр-сырын меңгерген Азамат мұндай сайыс ең алдымен білектің күшін байқататынын айтады. Нағыз қара күштің иесі ғана мұндай додада өзін көрсете алады,- дейді спортшы. 16 келілік гірді кері қаратып көтеру спортын ойлап тапқан кәсіпкер Ерлан Отарбаев. Ол әуесқой спорт түрін Шойын-Кап деп атаған. Спорттың бұл түрінің ерекшелігі- гірді теріс қаратып көтергенде адам ағзасындағы барлық бұлшық ет бір қалыпты жұмыс істейді. Сондықтан денсаулыққа да пайдасы зор, әрі спортшының мықтылығын жазбай тануға болады. Нағыз мықтыны сараптайтын дода осы,- дейді Ерлан Отарбаев. Гірді теріс қаратып көтеруден бақ сынауға еліміздің түкпір - түкпірінен 50 ден астам спортшы келген. Олардың арасында арғысы Әлем чемпионы мен бергісі Азия ойындарының жүлдерегрлері бар. Негізі жарысқа спорттың әртүрлі саласында тер төгіп жүрген жігіттер іріктеліп алыныпты. Споршылардың арасында былғары қолғап шеберлері де, е қазақ күресінің дамуына үлес қосып жүрген палуандар да ауыр атлеттер де болды. Жүлде қоры 2 млн теңгені құрады. Бірінші орын алған спортшыға 1 млн теңге берілсе, екінші орынға 600 мың, 3 ші орынға 400 мың теңге сыйақы ұсынылды.Количество показов: 282
Дата создания: 10.07.2024 10:15:15