Футболға билет 15 кассадан сатылады
Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда 22-тамызда "Ақтөбе" Киевтің "Динамосымен" кездеседі. Ойынды тамашалауға құлшынып отырғандар өте көп. Осыны ескеріп стадион басшылығы билетті ойыннан екі күн бұрын сатылымға шығармақ. Касса алдындағы кезекті реттеудің де амалы табылды. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде "Ақтөбе" мен Киевтің "Динамо" футбол клубтары арасындағы матч Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтеді. Ойын 22-тамызда кешкі сағат алтыда басталады. Кездесу алдында стадион дайындығы тағы бір тексеріледі. Бірақ, алаң еуропалық стандарттарға жауап беріп тұр. Исландияның "Брейдаблигімен" өтетін ойынға билет сату кезінде касса алдындағы дүрбелеңді ұмыта қойған жоқпыз. Алыпсатарлар да өз сәтін тиімді пайдаланды. Енді мұндай жағдайға жол берілмеуі керек. 1 адамның қолына 3 билеттен артық берілмейді. Балаларға кіру билеті бөлек кассалардан сатылады. Оңтүстік, солтүстік трибуналарға билеттер сырттағы 5 кассада сатылады. Қалған №1 мен 5, 10 мен 14 арасындағы әр секторда бір-бір кассадан жұмыс жасайды. Стадионға сыймағандарына сырттан үлкен экран арқылы ойын тікелей көрсетіледі. |
Количество показов: 2089
Дата создания: 13.08.2013 17:41:47