Ескірген лифтілер қашан жаңарады?
Лифт — қауіпті техникалық құрылғы. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін техникалық мамандар уақтылы жоспарлы тексеруден өткізіп, кем-кетігі болса, дер кезінде жөндеп отыруға тиіс. Сондай-ақ жеделсатылар жылына кемінде бір рет мерзімді техникалық куәландырудан өткізілуі керек. Лифт тұрғындарға ортақ меншік болғанымен, оған жеке тұлғалар қызмет көрсете алмайды. Яғни техникалық қызметтерді арнайы құжаты бар заңды тұлғалар ғана жүзеге асырады,- деді маман.Апатты лифттердің санын азайту үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 751,1 млн. теңге бөлініп 93 лифтті ауыстырылды. Ал биыл 138 жеделсаты ауыстырылуы тиіс. Алайда республикалық бюджеттен әлі қаражат бөлінбеген. Қаржы түскен бойда, жөндеу жұмыстарына кірісеміз. Осы жылдың соңына дейін үлгермеген жағдайда, жұмыстар келесі жылға қалатын болады,- дейді жауаптылар.Алдымен 25 жыл болған жеделсатылар тексеріліп, жөндеуді қажет етеді. Кейін тоқтап қалған лифтілер тексеріледі. Әрбір көпқабатты үйде қариялар, бала-шағалы отбасылар, арбаға отырған мүгедектер тұрады. Оларға жоғарға қабатқа лифт жасамаса түсіп-міну оңай емес. Сондықтан тұрғындардың өтініші ескерілмек.
Количество показов: 321
Дата создания: 24.08.2024 10:57:20