Есеи батыр көшесіндегі құбыр жалғау жұмыстарына тұрғындар алаңдаулы
Есет батыр көшесі 112-ші үйдің тұрғындары наразылық білдірді. Себебі, үй маңындағы аялдамада орналасқан қоғамдық тамақтану орнының кәріз жүйесін осы үйдің құбырымен біріктірмек. Салынғанына онсыз да елу жыл болған үйлердің кәріз құбырлары қосымша жүктемені көтермейді деп алаңдайды тұрғындар.Есет батыр көшесі бойындағы мына аялдамада бұрын гүл салоны болған. Қоғамдық тамақтану орнына айналғалы бұл жерден адам арылмайды. Маңындағы үйлердің тұрғындары дәмхана күндіз-түні жұмыс істеп тұрғанын айтады. Онсыз да жұрттың тынышын кетірген бұл ғимараттың иелері, енді үйдің маңын қазып, кәріз жүйесін қоспақ. Ал, бұл жерде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан "Aqtobe su-energy group" АҚ өкілдері бұл дәмхана иесіне заңды тұлға ретінде кәріз жүйесін жүргізуге рұқсат берілгенін айтады. Алайда, жасалып жатқан жұмыстардың бұл тұрғын үйлерге зияны жоқ деп сендірді.
Өз кезегінде тұрғындар бұл жерде кәріз жүйесі бар екеніне сенімді. Сондықтан, жауапты органдар мен қалалық әкімдікке арыз жазып жолдағалы отыр.
Количество показов: 946
Дата создания: 04.09.2020 20:17:04
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>