Ертең "Ақтөбе" футбол командасы босниялық "Сараеваны" қабылдайды
Жергілікті жанкүйерлер ғана емес,бұл ойынды еліміздегі футбол сүйер қауым асыға күтуде. Босниялық "Сараева" футбол клубының инстаргамм парақшасына үңілгендер де көп болған. Команда әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтөбеде тартысты ойын болатынын бірнеше ай бұрын жариялаған екен. Ал жергілікті жанкүйерлердің белсенді екенін де қарсылас команда жақсы біледі. Естеріңізге сала кетсек, бірінші матч ертең қалада орталық стадионда өтеді. "Ақтөбе " футбол клубының бас бапкері Дмитрий Парфенов бұл ойынға команда үлкен дайындықпен шығатынын жеткізді. Сондықтан команда құрамындағы ойыншылар да нәтиже ойдағыдай болатындығына сенімді.Ертең жергілікті команда өз алаңында Босниялық "Сараеваны" қабылдайды. Қайтарым ойындары 18-ші шілдеде Боснияда өтеді деп жоспарланып отыр.
Количество показов: 334
Дата создания: 11.07.2024 08:25:18