Ерікті болу игі іс
Әсем Қапанованың ішкі істер саласына келгеніне биыл 4ші жыл. Мамандығы ағыошын тілі пәнінің мұғалімі. Бірақ бала кезінен полиция болуды армандаған ару, мамандығы бойынша жұмыс істеуден бас тартса керек. Ішкі істер саласында қызмет ету-абырой,-деп санайды ол.Сегіз қырлы бір сырлы Әсемнің жұмыстан бөлек айналысатын сүйікті ісі бар. Ол волонтерлік. Ерікті түрде қоғам игілігі үшін қайтарымсыз жұмыс істегенді ұнатады. Бұл қызметі үшін ақы төленбейді, тек мұқтаж жанға пайдам тисе игі,-дейді бойжеткен. Волонтер болғанына да 6 жыл. Із-түзсіз жоғалған 100 ден астам адамды табуға көмектескен. Олардың қатарында балалар мен егде жастағы қариялар бар. Әсемнің ендігі тілегі осыдан 4 күн бұрын жоғалып кеткен кішкентай Кәрімді тауып, ата-анасына тапсыру. Жұмыстан босаған бойда бойжеткен іздеу тобына көмектеседі. Айта кетейік, Ақтөбеде жоғалып кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Полицейлер, Ұлттық ұлан сарбаздары, волонтерлер мен құтқарушылар жұмылдырылған. Кәрім Жетіру аутизммен ауырады. 13 жастағы балғынның қайда екені әзір беймәлім. Үйден белгісіз бағытқа шығып кеткеніне бүгін 4-ші күн.Әлемді сұлулық қана емес, мейірімділік те құтқарады. Жығылғанға демеу болып, еріктілер қатарынан табылып жүрген жандар елімізде айтарлықтай көп. Әсем Қапанова да ішкі істер саласына келуімнің басты себебі осы деп отыр. Мақсаты-халыққа пайдалы болу, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, алаңсыз қоғам орнатуға септігін тигізу.
Количество показов: 327
Дата создания: 08.06.2024 13:35:28