Еnbek.kz порталында 1300 ден астам вакансия жарияланды
Елімізде екі қолға бір күрек таппай жүрген жандар бар. Олардың басым бөлігі жастар. Биыл облыс жастарының жұмыссыздығын алдын алу, оларды жұмыспен қамту мақсатында 5500 - ге жуық жас жұмыспен қамтылды. Жастар практикасы, ұрпақтар келісімішарты, алғашқы жұмыс орны жобалары аясында субсидияланған уақытша жұмыс орындарына 2618 адам жұмысқа орналастырылды.Сондай - ақ, жастар назарына enbek.kz порталында бос жұмыстары жарияланғанын хабарлаймыз. Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, білім және тәрбие саласында 124, біліктілігі жоқ мамандықтар бойынша 116, өндіріс саласында 61, медицина және фармацевтика саласында 105, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында 41 бос жұмыс орны бар.Количество показов: 269
Дата создания: 21.05.2024 05:35:13