Емханаларда маска тағу режимі енгізілді
2024-2025 жылдары коронавирус дерті мен жедел респираторлық инфекциялардың өршіп кету қаупі байқалады. Бас санитар дәрігер қауіптің алдын алу мақсатында емдеу мекемелері қызметкерлерін медициналық маска тағуға міндеттеді. Сондай-ақ, алдын алу шаралары мақсатында тұмауға қарсы вакцинациалау науқаны 15-қыркүйекте басталады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы вакцина алып, екпе жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Емдеу мекемелеріндегі қызметкерлер антисептиктерді пайдаланып, жұмыста бетперде киюге міндетті. Екпе жұмыстары бойынша ең алдымен аяғы ауыр әйелдер мен балалар үшін дәрігерді үйге шақыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ дәрігерлер жеке адамдарға алдын алу шараларын ескертіп, сақ болуды ұсынады. Неғұрлым науқас адамдармен байланысты сирету керек. Вирус белгілері байқалса, бірден дәрігерге көрінген дұрыс, дейді мамандар. Коронавирус дерті де белең ала бастады. Жалпы елімізде жыл басынан бері 1290 адам коронавирус індетіне шалдыққан. Олардың дені аурудың жеңіл түрін жұқтырған.Количество показов: 255
Дата создания: 03.09.2024 09:20:46