Бүгіннен бастап шаһардағы медициналық мекемелер штаттық режимде тұрғындарды қабылдай бастады. Емделушілер қабылдауға «DamuMed» қосымшасы арқылы алдын-ала жазылып, қажет болған жағдайда дәрігерді үйіне шақыртуына болады. №1 қалалық емханада бүгін кісі қарасы көп болды. Келушілерді есік алдынан қорғаныш киімін киген медицина қызметкері күтіп алып, дене қызуын өлшеп, қолдарын зарарсыздандырып тұрады. Қандай маманға келгенін сұрап, кабинеттерге бағыттайды. Өңірде бүгіннен бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта жанданды. Жоспарлы медициналық көмек, оның ішінде терапевтік, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, аллергологиялық, хирургиялық, неврологиялық, пульмонологиялық, реанимациялық, акушерлік – гинекологиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық бейіндер, торакалдық хирургия, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтері барлық ауруханалар мен жеке клиникаларда қайта көрсетіле бастайды. Карантин шектеуіне байланысты қалалық және аудандық деңгейдегі көп бейінді ауруханаларда медициналық қызметтер қысқартылған болатын. Енді олар қайта жанданып, жоспарлы медициналық көмекті тұтыну айтарлықтай өсуі тиіс. Қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шараларды өткізгеннен кейін медициналық ұйымдарға стационарлар ашуға рұқсат беріледі. Әзірге дәрігерлер қабылдауға келушілерге ем-дом жүргізіп жатыр. Пациенттер ауруханаларда анализ де тапсыра алады.
Емханалар бұрынғысынша кешкі сағат сегізге дейін қабылдау жүргізеді. Емделушінің дәрігер қабылдауына міндетті түрде «DamuMed» қосымшасы арқылы алдын-ала жазылғаны дұрыс.
Количество показов: 772
Дата создания: 13.08.2020 18:16:36
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>