Ембіде әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға берілген үйдің шатырынан су кетіп тұр
Пәтер иелері жаңбыр жауса су астында қаламыз, үйдің сапасы сын көтермейді деп шағым айтып жатыр. Тіпті қазынаның қаражаты есебінен жөнделген үйде жарық та жоқ көрінеді.Жаңбыр жауса көрген күніміз осы. Төбеден су шелектеп ағады. Пәтер иелері мұндай күндері жұмысты қойып, төбеден аққан суды тазалаумен болады дейді тұрғындар. Үйді табыстаған мердігер компания төбені жөндемек болып біраз күн бұрын үйдің шатырын тұтас алып тастаған екен. Содан бері күнде жаңбыр, пәтерлердің барлығы суға кетіп жатыр деп налиды үй иелері. Осыдан үш жыл бұрын ғана бұл үйге Ембі қаласында кезекте тұрған осал топтағы отбасылары қоныстанады. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеуді жандар мен көп балалы отбасылар көп. Кеңес Үкіметі тараған соң қараусыз қалған көп қабатты ғимаратқа қазынадан 300 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, үй жөндеуден өтеді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы берілген үйдің сықы осы.Количество показов: 278
Дата создания: 28.06.2024 09:24:53