Электр бағаны жеңіл көлікке құлап, күл-талқан етті
Теміржол өткелінде тағы да төтенше жағдай. Бүгін сағат он бір жарымдар шамасында Әуе қалашығына кіреберістегі теміржол өткелінің жанында электр бағаны жеңіл көліктің үстіне құлады. Апатты көзімен көрген куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі өткелмен жүргенде электр бағанының желілерін іліп кеткен. Бағана жолдың келесі жолағында кетіп бара жатқан жеңіл көліктің үстіне құлаған. Сол сәтте "Опель-Вектраның" ішінде жас отбасы болған. Абырой болғанда, жүргізуші мен келіншегі аман қалды. Жолаушы алдыңғы орындықта отырған. Көлікті тізгіндеген жас жігіт болған жайтты үреймен еске алады. Ол келіншегі екеуінің аман-сау қалғандарына тәубе деп отыр. Электр бағаны құлаған жеңіл көлік іске алғысыз болып қалды. Иесі көлікті былтыр ғана сатып алыпты. Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған аумақ уақытша жабылды. Өткел маңында көлік кептелісі қалыптасты. |
Количество показов: 2777
Дата создания: 23.08.2012 18:47:34