Елде тұмауға қарсы екпе егу кампаниясы басталды
Тұмауға қарсы вакцинация науқанының алғашқы күнінде-ақ №1-қалалық емхананың процедуралық бөлмесіне келушілердің қарасы көп. Тұрғындардың бірі бұл екпе түрін жылда алатынын айтса, енді бірі биыл алғаш рет қабылдап отырмын, дейді. №1-қалалық емханаға Ресейлік "Гриппол+" екпесінің 5766 дозасы келген. Вакцинация бүгіннен бастап тұрғындарға ақысыз түрде егіліп жатыр. Емхананың иммунолог дәрігері екпенің бірінші кезекте қандай санаттағы адамдарға салынатынын айтты. Назар аударатын жайт, вакциналау оған қарсы көрсеткіштері бар адамдарға жасалмайды. Егер ағзада өткір вирустық инфекция болса онда екпе алуға болмайды. Сондай-ақ, созылмалы аурулардың өршуі кезінде де вакциналаудан уақытша бас тартуға тура келеді. Бұған қоса вакцинацияға дейін және кейін кейбір тағамдарды тұтынуға болмайды. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биыл қыркүйек айының басында өңірге Ресейлік вакцинацияның 98 мың дозасы жеткізілді. Ол үшін қазынадан 68 млн теңге қаражат бөлінген. Препараттардың бұл көлемі облыс халқының 10 пайызын екпемен қамтамасыз етуге жеткілікті.
Количество показов: 726
Дата создания: 15.09.2020 18:09:07