Елде сұйылтылған газ бағасын нарық реттейді
Елде 1 наурыздан бастап жанар-жағар май құю станцияларындағы сұйылтылған газдың бағасына уақытша мемлекеттік реттеу не үшін алынып тасталғаны түсінікті болды. Оның бірнеше себебі бар. Кейбір өңірлерде баға арзан болса, ол жерлердегі газ өзге облыстарға сатылып кетуі мүмкін. Сөйтіп, газ құю бекеттерінде тапшылық орын алады. Сондай-ақ , бағаны мемлекеттік бақылауда ұстау қызмет ұсынушы мекеме жұмысшыларының жалақысына да әсер етуі ықтимал. Ал облыста барлық газ құю бекеттерінің сұранысын қамтамасыз етіп отырған компаниялардың бағаны өзара келісіп алып, қымбаттатып жібергені белгілі болды. Облыстағы барлық газ құю бекеттерін көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған "СНПС -Ақтөбемұнайгаз" АҚ үкіметтің тапсырмасымен бағаны 27 пайызға түсірген. Бірақ, ортада делдал болып жүрген ірі компаниялар бағаны 10 пайызға ғана арзандатып қойыпты. Енді олардың ісі сотта қаралып жатыр.2021- жылдың бірінші тоқсанына ведомство сұйылтылған газдың көтерме бағасын тоннасына 38 701 теңге етіп бекіткен. Бағалар 2018- жылғы 1 қаңтардан бері өзгермеген. Былтыр да баға қосымша құн салығынсыз 38 701 теңге болған. Ал 3- тоқсаннан бастап сұйылтылған газдың әлемдік бағасы төмендеп, қосымша құн салығынсыз 28 мың теңге болды. Нарықтағы сұраныс бағаны мемлекеттік реттеуді қажет етіп отырған жоқ.
Количество показов: 648
Дата создания: 11.03.2021 18:35:33