Елдің бас жоспары Ақтөбеде талқыланды
Көлік қатынасы қиын шалғайда жатқан елді мекендерде шағын аэровокзал салынады. Көлік дәліздерінің саны артады. Энергетика, газ, су ресурстары дамытылады. Ауылшаруашылық аймақтары құрылады. Бұл жоспарлардың барлығы қазір қаралып жатқан елдің бас жобасында қамтылған. Ал Ақтөбе облысы "Қазақстан республикасы аумағын ұйымдастырудың бас жобасына" қандай толықтырулар мен өзгерістер енгізе алады. Осы мәселе талқыланған жиын бүгін облыс әкімдігінде өтті. Елдің өңірлік даму вице-министрі Серік Нокиннің сөзінше, бас жоспар бірнеше бөлімнен тұрады. Әр бөлім 30 том мәліметтер, зерттеу, талдау, жинақтарынан құралған. Өңірлердің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері назарға алына отырып, құжат әлі өзгертулер мен толықтыруларға ұшырайды. Жобалық ұсыныстар мен шешімдер әзірлеу жұмыстары былтырдан бері жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік орган, әкімдіктермен келісілуде. Биыл аяқталып, үкімет қаулысымен бекітіледі. Мамандар Ақтөбеде ауыз су тапшы деді. 91 жерасты сулары кеніші барланады. Соның ішінде Көкжиде жерасты су кенішіне үміт артылып отыр. Оны осы бастан ластап алмау жағы қарастырылуы қажет. Әсіресе мұнайман араласып кету қаупі бар. Мәдени, әлеуметтік қамтамасыз етілу жағы орташа деңгейде. Денсаулық сақтау нысандарының саны да орташа. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 75 жоба жүзеге асады. Осы орайда облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков Қазбек Матаевқа өңірлерде қайталанатын жобалардың бас жоспарға қандай тәртіппен енетіндігі жөнінде сауал тастады. Мысалға ұқсас зауыт көрші орналасқан екі облыстың екеуінде де пайда болуы мүмкін. Кеңес Нокин ұқсас зауыттар елде бәсекелестікті қалыптастыруға жағдай туғызады деді. Көлік дәліздерінің санын арттыру жоспарда бар. Тіпті көлік қатынасы қиын шалғай ауылдарда шағын аэровокзалдар салынады. Бұған Шалқар мен Бозой таңдап алынып отыр. |
Количество показов: 2013
Дата создания: 19.06.2013 18:00:48