Елімізде 2004- жылы туған ер балаларды әскери есепке алу науқаны жүріп жатыр
Биылғы жоспар бойынша өңірден 3044 ер бала әскери тіркеуге қойылуы керек. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Әділет Отарбаевтың айтуынша, ақпан айының соңына дейін есепке алу жұмыстары аяқталуы мүмкін. Өйткені жасы келіп тұрған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны көктем айларында жүре бастайды. Әскер қатарына 18-27 жас аралығындағы, сотталмаған жігіттер алынады. Ең басты талап сарбаздардың бойы 165 см-ден жоғары болуы шарт.
Количество показов: 700
Дата создания: 09.02.2021 18:35:22