Еліміз 1-наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшеді.
Енді 2024 жылдың 29 ақпанынан 1- наурызына қараған түні сағат түнгі 00:00-де еліміздің кейбір облысының сағаты ауысады. Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Батыстың уақытымен бірдей болады. Осылайша еліміздің барлық аймағы 5 сағаттық белдеуге көшеді. Мамандардың айтуынша, өзгерістің биоритмге кері әсері жоқ.Мамандардың айтуынша, оның ұтымды тұсы көп. Дәрігерлер уақыт белдеуін өзгерту арқылы аурушаңдықтан арылуға болады деген пікірде. Осылайша адамның денсаулығы жақсарса, бұл экономикаға да оң септігін тигізеді. Өңірлер арасында өзара байланыс артады. Сарапшылар электр энергетикасы саласына да оң ықпал ететінін айтып отыр. Осы орайда айта кеткен жөн болар, адам баласы үшін ең қымбат, ең құнды дүние – уақыт. Елімізде екі бірдей уақыт белдеуі қолданыста. Бұған бой үйреткен қазақстандықтардың жаңа өзгеріске қатысты пікірін тыңдап көрдік.Басқа өңірлер батыс уақытына өтіп, уақыт мерзімін 1 сағат артқа жылжытса, батыс аймақтарының уақыты өзгеріссіз қалады. Сондықтан біздің облыс тұрғындарына сағат тілін ауыстырудың қажеті жоқ. Осылайша, Қазақстан бірыңғай 5-ші сағат белдеуіне түседі.Количество показов: 292
Дата создания: 22.01.2024 20:23:17