Экономикалық сот 9 айда 2828 іс қараған
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тоғыз айдың ішінде 2 мың 828 іс қаралған. Оның 1 мың 200-ден астамы бойынша шешім шықты. Бұл деректерді бүгін брифинг кезінде судья Баян Жүсіпбекова келтірді. Бүгінгі брифингте қоғам қызығушылығын тудырған үш дерек жария етілді. Мәселен, маусым айында экономикалық сотта "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-нің арызы қаралған. Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің мамандары былтыр "Қожасай" кен орнында атмосфераға нормадан артық қалдықтар тастағаны үшін компанияға 6 жарым миллиард теңге көлемінде экологиялық залалдың орнын толтыру туралы нұсқама берген. Мекеме басшылығы экологтардың шешіміне наразы болып, нұсқаманы бұзуды сұрап сотқа жүгінген. Алайда, сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. Салықшылармен келісімге келе алмаған "СНПС- Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның талап-арызы да қанағаттандырусыз қалды. Жалпы, жыл басынан бері экономикалық сотқа 2 мың 828 талап-арыз түскен. Оның басым бөлігі аяқталды. Тоғыз айдың жұмысын қорытындылаған судьялар енді ҚР судьяларының 6-ші съезіне дайындалуда. Ол биыл қарашада Астана қаласында өтеді. |
Количество показов: 2369
Дата создания: 26.09.2013 18:03:23