Экомарафоншылар Ақтөбеде
18 күннің ішінде 18 қалада эко-марафонын ұйымдастыруды көздеген спортшылар әлі бабында. Әр күні 42 шақырымды сәтті жүгіріп келеді. Тек кеше Қарағанды қаласында жаңбырлы күнде суық тигізіп алған Айдын Сәдібеков дәрігердің көмегіне жүгінген. Денсаулығын қалыпқа келтірген соң қатарға Түркістан қаласында қосылуы керек. Бүгін қалған қос қатысушы Ғалым Чуашев пен Дмитрий Ким рекордтық көрсеткішке жетіпті. Ертемен орталық стадионда белгіленген 42 шақырымды 4 сағат 14 минутта жүгіріп келген.
Марафон қатысушыларын шығармашылық академиясы ауласында күтіп алған спорт жанашырлары олармен бірге ағаш екті. Марафон аясында еліміздің 18 қаласына мыңға жуық жасыл желек отырғызылуы қажет. Шыбықтардың көп бөлігі Семей қаласына егіледі. Талдықорған қаласында бастау алған марафон 7- қазан күні Алматы қаласында аяқталмақ. Марафоншылармен барлығы 760 шақырым бағындырылады.
Количество показов: 809
Дата создания: 29.09.2020 19:51:05