Екінші деңгейлі банктерде медиация кабинеттері жұмыс жасап жатыр
Кабинеттің ашылу салтанатына қатысқан мамандар банк және қаржыны сақтандыру турасында туындайтын дауларды соттан тыс реттеудің маңызды екендігін атап өтті. Өйткені өңірде сотқа түскен азаматтық, экономикалық істердің жартысынан көбін осы секілді даулар құрайды. Тіпті соңғы кезде несие өтеуге қатысты түсетін шағымдар көбейіп кеткен. Қарызды өндіріп алу, кепіл заттарын өндіру, қарыз даулау секілді іс өткен жылы тіпті артқан. Бір ғана №3- қалалық сотта былтыр қаржыға қатысты 60-тан аса іс онлайн өткізіліпті. Сондықтан судьялар осындай дауларды сотқа жеткізбей, тараптар үшін бейбіт шешу өте маңызды деп отыр. Медиация кабинеті банкке келіп, қаржылық сауаттылығы жетпеген кез-келген тұрғынға ашық. Кеңестер тегін көрсетіледі.
Количество показов: 668
Дата создания: 24.02.2021 19:12:28