Еңбек нарығында химиктер мен биологтар тапшы
Қай мамандық сұранысқа ие? Кәсіпті таңдау кезінде нені ескеру керек? Бұл тақырып бүгін Ақтөбе политехникалық колледжінде өткен "Жастар арасындағы мамандық жобалаудың маңыздылығы" атты дөңгелек үстел барысында талқыға түсті. Еңбек нарығына сараптама жүргізген мамандар жастарға техникалық кәсіптерге көңіл бөлуді кеңес етті. Еңбек нарығында инженерлер, дәрігерлер, химиктер мен биологтар тапшы. Соған қарамастан, жастар әлі де заңгер, қаржыгер мамандықтарын таңдайды. Облыстық білім басқармасының маманы Шамшат Шалабаеваның айтуынша, мұның себебі, мектеп түлектерінің көбі ұлттық бірыңғай тестілеуден қиналмай өту үшін бесінші пән ретінде жағрафияны таңдайды. Ақтөбе политехникалық колледжінің үшінші курсында оқитын Айнұр Мәрен оңай жолды таңдамады. Жүрек қалауымен құрылыс саласына оқуға түсті. Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану мамандығын игеріп жүр қазір. Бүгін дөңгелек үстел басына жиналғандар оқушыларға негізінен техникалық мамандықтарды көбірек насихаттады. Зауыттағы еңбектің қыр-сырымен таныстыру үшін жиынға Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшы жастары шақырылған. Ақтөбедегі 7 жоғарғы және 42 арнаулы орта оқу орындарын жыл сайын 10 мыңнан астам адам бітіреді. Сирек кәсіпті меңгергендер қызметке тез орналасса, экономист, заңгерлерге сұраныс аздау. |
Количество показов: 2175
Дата создания: 16.09.2013 18:16:05