Еңбек дауларына да бітімгерлер араласпақ
Бітімгерлер бұдан былай еңбек дауына да араласа алады. Егер мәселе тек жеке кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында туындаса. Ал мемлекеттік органның ісіне медиатор заң бойынша араласа алмайды. Осы сынды медиатор кәсібінің қыр-сыры бүгін үкіметтік емес ұйым басшылары, селолық округ әкімдері арасында түсіндірілді. Медиация елімізде қолға алынған жаңа кәсіп. Ақтөбе облысында бітімгерлер 2011-ші жылы ғана пайда бола бастады. Және әлі халық арасында танымал емес. Бүгінге дейін бітімгерлер тек 100-дің үстінде істі қараған. Оның жетпісі қылмыстық іс. 12-сі жасөспірімдерге қатысы бар іс. Қалғаны азаматтық істер. Әсіресе отбасылық дауларды шешуде тәжірибе жинақтай бастаған медиаторлар бұдан былай еңбек дауына да араласып көрмек. Облыста еңбек дауына қатысты 1 істе екі тарап бітімге келген. Бүгін өз кәсібін түсіндіріп, үкіметтік емес ұйым басшылары мен селолық округ әкімдерін бір үстел басына жинаған "Медиация" Біртұтас және бітімгерлік орталығы" қоғамдық бірлестігінің облыстық өкілдігі. Бұл өкілдікте қазір 12 бітімгер тіркелген. Облыстағы медиаторлар саны одан да көп болуы мүмкін. Себебі өз алдына әрекет етіп жатқан кәсіпқой медиаторлар қаншама. |
Количество показов: 2045
Дата создания: 27.09.2013 18:59:45