Депутаттар жол ақысына субсидия бөлуді тоқтатуға келісті
Қалалық экономика бөлімінің басшысы Серік Нәбидің айтуынша, білім бөліміне 113,7 млн, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 27,2 млн, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 400-ге жуық, ал құрылыс бөліміне 21,9 млн теңге қаражат бөлінді. Ал Нұр-Ақтөбе ауданындағы 320 орындық балабақша құрылысын аяқтау үшін қаржы жетпей тұр. Осы мәселесіні шешу үшін 20 млн теңге қарастырылған. Нысанның жалпы құны 501,8 млн теңге. 2014-2015 жылдары облыстық бюджеттен 401,9 млн теңге, ал қалалық бюджеттен 80 млн теңге бөлінген. Егер бөлінген қосымша қарды жеткілікті болса жаңа мектепке дейінгі білім беру мекемесі жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне желтоқсан айындағы мерекелерге бөлініп жатқан 27,2 млн теңгеге қаланы безендіру жүктелген. Кей депутаттар елбасының мерекелерге көп қаражат жұмсамау керектігі туралы үндеуін еске салды. Кейбірі бөлініп жатқан қаржы туралы мәліметтердің депутаттарға алдын-ала көрсетілмейтініне наразылық білдірді. Ал қаладағы жолаушылар тасымалын субсидиялауды уақытша тоқтатуға және жолақы төлемдерін өтеу үшін атаулы әлеуметтік көмек беруге көшу шешімінің қабылдануына байланысты жергілікті бюджеттен 104,6 млн теңге бөлінді. Бұл бастаманы депутаттар бірауыздан қолдады. Бірақ, әлеуметтік төлемдердің нақты қалай жүргізілетіні туралы жүйе жуырда қосымша хабарланбақ.
Количество показов: 1566
Дата создания: 09.11.2015 19:07:35