Депутаттар "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын талқылады
Қала іргесіндегі бес ауылдық округті заңдастыру қажет. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың он бірінші сессиясында қала әкімі аппаратының басшысы Асқар Шериязданов ұсыныс жасады. Ұсыныс мақұлданса Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Жаңақоныс және Сазды ауылдық округтерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуы керек. Ондағы санитарлық тазалық, көгалдандыру, жарықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу көзделмек. Сондай - ақ кітапхана жұмысы, мерекелік шаралардың жүзеге асырылуына да қала бюджетінен қаржы көзі тартылуы керек. Халық қалаулылары "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралар туралы баяндама тыңдады. Былтыр құрылыс саласындағы жоспар 21 пайызға артығымен орындалыпты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Геннадий Дудаков мәлімдеді. Маусым айында "Нұр Ақтөбе" ықшам ауданынан бірқатар ақтөбеліктерге пәтер кілттері табысталмақ. Тұрғын үй құрылысын салу мұнымен аяқталмайды. Баспанасыз жүргендер үшін мүмкіндік бар алда. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерін түгендеу нәтижесінде 82 жер учаскесі иесіз болып танылды. 98- і қаланың жер қорына қайтарылыпты. Жер телімін мақсатсыз пайдалануға қатаң тиым салу үшін биыл нақты іс - шаралар жоспары қолға алынады. Жер арқылы салық түсімін көбейту көзделуде. |
Количество показов: 2150
Дата создания: 05.04.2013 18:54:14