Депутаттар бюджеттің орындалу барысын қарады
1-қазандағы есеп бойынша облыс бюджеті 51 миллиард 218 миллион теңгені құрады. Былтырмен салыстырғанда 6 миллиард 407 миллионға байыппыз. Ал жыл соңына дейін тағы 1 миллиард 200 миллион теңгеге жуық қаражат қосылады. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының су жаңа бастығы Ғани Тасмағамбетов құтты бастық болғанға ұқсайды. Бюджеттік бағдарламалардың тиімді, тиянақты орындалуы барысында 1 миллиард 90 миллион теңге үнемделген. Осы қаражаттың 922 миллион теңгесі коммуналдық нысандар құрылысын, Мұғалжардың Бірлік және Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылдарында газ тарату желілері құрылысын аяқтауға жұмсалады. Артылған ақшаның тағы бір бөлігі қала көшелерін күрделі жөндеу, 2013-14 жылдарға жоспарланған мектеп, балабақша, тұрғын үй құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттарын жасау жұмыстарына жаратылады. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 18 жоба жүзеге асып жатыр. 223 миллион еуроға Қазақстандағы әзірге жалғыз жаңа шойын жол зауыты салынады. Зауыт орта Азия мен Ресейді шойын жолдармен қамтамасыз ететін болады. Жалпы қуаттылығы жылына 200 мың тоннаны құрайды. |
Количество показов: 2121
Дата создания: 17.10.2012 18:52:54