Депутаттар балалардың жазғы демалысына алаңдаулы
Асхат Шахаров қалабасы болып тағайындалғалы бұқаралық спортқа көңіл бөлінеді деген үміт басым. Сондай-ақ, қазір қала сыртында орналасқан мотокросс алаңының мақсатсыз пайдаланылып жатқаны депутаттардың шымбайына батып жүрген секілді. Мотоспорт үйірмесі тек жер кепкен жаз уақытында ғана жұмыс жасайды. Қалған уақытта біреулер оны мотоцикл секілді техникаларды жөндейтін орынға айналдырып, жеке пайдасына жаратады екен. Депутаттар алаңды одан да футбол, волейбол ойнаушыларға жасақтап беру қажет деп отыр. Мотрокросс алаңы аумағында Ақжар-1, Ақжар-2, Кірпішті ауылдары орналасқан. 17 мың халық тұрады. Бірақ осы ауылдарда бір де бір спорт зал жоқ. Бокс, күрес, футбол, волейболмен айналысу үшін нысандар жоқ.
Количество показов: 881
Дата создания: 20.03.2020 20:00:34