Денсаулық фестивалінде чемпиондар ұлықталды
"Мен, сен, ол, олар-салауатты ел құрамыз!". Осындай ұранмен өткен сенбіде облыста спорт және денсаулық фестивалі өтті. Н. Ә. Назарбаев атындағы орталық саябақта фестиваль ерекше айшықты ұйымдастырылды. Оған қоса 30-шы Лондон жазғы олимпиадасының чемпиондары Серік Сәпиев, Мая Манеза, Светлана Подобедова, Зульфия Шиншанлолардың қатысуы акция маңыздылығын арттыра түсті. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов чемпиондарға 1 миллион теңгеден сыйақы тарту етті. Бұл чемпиондар көк туымызды желбіретіп, әлем жұртына әнұранымызды тыңдатты. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан спорты тарихында тұңғыш рет ірі жеңіске қол жеткізді. Толғайларға қандай құрмет көрсетсе де жарасады енді. Чемпиондармен қоса денсаулық фестивалі аясында облыс спортшылары мен спорт ардагерлері де марапатқа бөленді. Ал алаңға жиналған халық чемпиондармен бірге таңғы жаттығу орындау мүмкіндігіне ие болды. |
Количество показов: 2475
Дата создания: 10.09.2012 18:44:09