Ертең облыс аумағында қайтадан карантиндік шектеулер күшіне енеді. Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, локдаун сенбі және жексенбі күндері сақталатын болады.Алдағы демалыс күндері локдаун қайта күшіне енеді. Өткен дүйсенбіде қызметіне кіріскен бырқатар нысандар сенбі-жексенбі күндері жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл шектеулер тек демалыс күндеріне арналған. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мен облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов кәсіпкерлік нысандардың демалыс күндердегі жұмыс тәртібі жөнінде баяндады. Сонымен қатар алдағы екі күнде қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі. Тұрғындар қалада тек жеке көліктерімен немесе таксимен жүре алады. Өз кезегінде ақтөбеліктер карантиндік шектеулердің мұндай жүйесіне қатысты пікірлерін білдірді.
Атап өтейік, өңірде 60 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Олардың тек 4687-сі ғана Infokazakhstan.kz порталында тіркеуден өтіп, санитарлық нормаларға сәйкестік актісін иеленген. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, кәсіпкерлерге тамыздың 24-не дейін уақыт беріледі. Одан кейін арнайы мониторингтік топ тексеру жүргізіп, рұқсатсыз жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер әкімшілік жауапқа тартылатын болады.
Брифингте аталған деректерге сүйенсек, 15- шілдеден бері карантиндік шектеулерді сақтамаған кәсіпкерлерге қатысты 378 хаттама толтырылды. Заң бұзған кәсіпкерлерге 42 млн теңге айыппұл салынды.
Количество показов: 772
Дата создания: 21.08.2020 19:04:57
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>