"Дельфин" бассейні былтырдан бері жабық
Аймақта қазір 21 бассейн бар. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, соңғы 10 жылда өңірде 5 бассейн салынып, пайдалануға берілген. Қобда, Мәртөк, Карауылкелді, Ырғыз ауылдары, Қандыағаш қаласы мен шаһардағы Есет батыр тұрғын алыбында бассейндер салынды. Қазір Темір және Шалқар аудандарында да су спорты кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы пайдалануға беріледі. Шаһардағы 15 бассейіннің төртеуі спорт мектептерінде. Біреуі мектеп ішінде болса, қалған оны жеке бассейн. Жүзуден олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтті. Халық арасында "Шағала" деп танылған су спорты мектебінде қазір 500-ге жуық бала жаттығады. 11 жоғары білімді жаттықтырушы бар.Жүзуден спорт мектебін жөндеуге 287 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Мұнда 5 пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер жаттығады. Балғындар алғашқы жылы аптасына 2 рет жаттықса, кейін 4-5 рет жаттығуға келеді.
Тағы бір күрделі жөндеуден өткен «Достық» спорт кешені де өз жұмысын бастады. Бассейнді қалпына келтіруге 388 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Биыл қалада 5 мың орындық әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталады. Онда 10 жолақты 50 метрлік кәсіби бассейн де болады. Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын апатты деп танылған «Дельфин» бассейінінің жағдайы әлі белгісіз. Сүріліп, орнына жаңасы салынады деген су айдыны сол күйі әлі тұр.
Количество показов: 237
Дата создания: 12.02.2025 08:10:11