Дәретханасы жоқ мектептер мәселесі шешіледі ме?
Бүгін облыстық коммуникация алаңыда жаңа оқу жылына дайындық барысы баяндалды. 3 ай демалыста су тасқынынан зардап шеккен отбасының тәрбиеленушілері облыс аумағында және еліміздің көрікті жерлерінде демалып келді. Тасқын кезінде ғимаратына зақым келген 14 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Биыл 180 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Оның 18 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттамақ. Барлық мектеп тамыз айының 20-на дейін түгел оқулықпен қамтылуы тиіс. Кітап тапшылығы болмайды,-деп сендіруде білім басқармасындағылар. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Биыл өңіріміздегі барлық жалпы білім беру ұйымдарына бейне бақылау камералары орнатылуы тиіс. Дәретханасы жоқ мектептер мәселесі де шешіледі,-дейді жауапты тұлғалар. Даладағы дәретханалар жойылады.Количество показов: 320
Дата создания: 15.08.2024 08:01:29