Дәрігерлер арасында спартакиада өтті
Бүгін медицина қызметкерлері арасында өткен спартакиадаға 400 - ден астам ақ халаттылар қатысты. Олар қалалық 4 - ші, 6 - шы, отбасылық медициналық орталығы, Куаныш клиникасы мен ауданнан келген емхана қызметкерлері . Барлығы 21 емдеу - профилактикалық мекемесінің қызметкерлері жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, шахмат, армрестлинг, үстле теннисінен сынға түсті. Нұртуған Есмұратов медицина саласының ардагері. 50 жылдан бері жүгіріп, салауатты өмір салтын ұстанады. Жеңіл атлетиканы жанына серік еткен ол түрлі облыстық, халықаралық додаларда жеңімпаз атанған. Бүгінде спартакиадаға қатысып, бағын сынамақшы. Ембі аудандық емханасында дәрігер болып жұмыс істеген. Айтуынша, 1 минутта 70 рет отырып тұрады."Дене шынықтыру және спорт - дәрігердің екінші кәсібі!" атты ұранмен өткен спартакиада 11 маусымға дейін жалғасады. Яғни, қаламызда медицина қызметкерлері күніне дейін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі шаралар жоспарланған. Айта кетейік, бүгін спартакиада да бағы мен бабы қатар шапқан жеңімпаз жүлделі орындар мен марапатталып, сыйлықтарға ие болады.Количество показов: 287
Дата создания: 04.06.2024 17:22:46