"Дәрігерге көріну мұң"
Алексей Белощук 82 жаста. Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан 1-ші топтағы мүгедек бірнеше жылдан бері диализ алады. Аяғын әзер сүйреп жүрген қария үстел, орындық пен жарды қолымен демей, жағалап жүреді. Сырқаты дендеп, 5ші сатыға жеткен ол М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина орталығынан ем-домы алуы керек. Халық арасында "Онкология" аталып кеткен бұл ауруханаға жетудің өзі мұң. Барсаң сағаттап кабинеттің алдында күтіп отырасың, дәрігерге ұзын-сонар кезек. Өзі сияқты жағдайы мүшкіл жандар үн-түнсіз шыдауға мәжбүр екендігін айтады. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті медициналық орталығымен байланысқа шыға алмадық. Әйтсе де, қария тіркеуде тұрған емханадағылар мән-жайды айтты. Алексей Белощук "Әлем саулық" клникасына тіркеулі. 4 жылдан бері осы емханаға қаралып жүр. Мұндағылар қарияға барымызша көмектесуге тырысып жатырмыз, дейді. 1-топтағы мүгедекке заң бойынша "ИНВА ТАКСИ" тегін қызмет көрсетеді.Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды сүйемелдеу және үй-жайларға барған кезде әлеуметтік көмек қызметін жеке көмекші тиесілі. Талап бойынша туысқандары болуы шарт. Қарияға мұның барлығы айтылды. Әйтсе де, сексеннің сеңгіріне шыққан жарымжанға туғандары көмектесуге асығар емес,-дейді емхана өкілдері.
Количество показов: 266
Дата создания: 30.07.2024 07:34:45