Дәрі-дәрмек қымбат
Шипа іздесеңіз, алдымен қалтаңыз қалың болуы шарт. Бұл-тұрғындардың айтар ойы. Өйткені тегін дәрі-дәрмекке әркімнің қолы жете бермейді. Дәрі-дәрмек ішетіндердің саны да күн санап өсіп отыр. Фармация саласы гүрлеп тұр. Өңірімізде дәрі-дәрмек бағасының өсуі байқалады. Әсіресе, дене қызуына, қабыну мен бактерияға қарсы дәрілердің бағасы қымбаттаған. Ауыр дертпен есепте тұрғандардың бар үміті емханаларда берілетін тегін дәрі-дәрмек. Сатып алуға жағдайымыз келмейді,-дейді жұрт. Дертіне дауа іздегендер қазір дәрігерден бұрын, дәріханаға бас сұғатын болды. Ал баға құбылуын тоқтатар емес. Дәрі-дәрмек саудасына бақылау бар ма? Қанша препаратқа шекті баға енгізілді? Оның себебін жауаптылардан сұраған едік, бірақ жауап беруге асығар емес. Облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы бұл сұрақтарға жауап беруден бас тартты.Количество показов: 333
Дата создания: 19.07.2024 08:03:18