"Дүңгіршіктер саябақтың сәнін кетіріп тұр"
Дүңгіршексіз саябақ. Тұңғыш президент атындағы орталық саябақтың қақ ортасында бірнеше сауда нүктесі бар. Олар жыл сайын тәтті мақтасын, балаларға арналған ойыншықтары мен өзге де кондитерлік өнімдерін саудалап келеді. Жұмыс маусымдық болғандықтан, күзде дүңгіршіктер қызметін тоқтатады. Әр кәсіпкер ай сайын қаланың ең рентабельді жерін жалға алып отыр. Енді олар өз жұмысын 1-тамызда тоқтатуға мәжбүр. Өйткені басшылық келісімшартты тоқтатпақ. Ал саябақ басшылығының айтар өз уәжі бар. Бұл орындар техникалық тұрғыдан қауіпті. Екіншіден саудагерлер отырған жерлерін таза ұстамайтын көрінеді. Саябақ өкілдерінің айтуынша, мұнда фонтан жөнделмек. Құрылыс жұмыстары көп ұзамай басталуы тиіс. Ал мына сауда нүктелері фонтанның аумағында тұрған көрінеді. Ал кәсіпкерлер бұл әрекетке қарсы. Қыркүйек айына дейін жұмыс істеуге рұқсат беруін сұрайды. Парк әкімшілігінің бұл қадамы шамбайына батқан шағын бизнес өкілдері бүгін базынасын айтты. Саябақ басшылығы райынан қайтар емес. Тұңғыш президент атындағы саябақ қаладағы ең әдемі жерлердің бірі. Шағын сауда орындары саябақтың көркіне сай емес.Количество показов: 279
Дата создания: 31.07.2024 04:32:59