Чернышевский көшесі тұрғындары электр жарығына жарымай отыр
Чернышевский көшесіндегі 40 шақты пәтер иесі жарық мәселесімен екі жылдан бері арпалысып келеді. Қараусыз қалған электр желілерінің жайы тұрғындардың басты проблемасы. Азғантай жел тұрса болды, сымдар үзіліп, бірнеше үй жарықсыз қалады. Ал оларға қызмет көрсетуден мемлекеттік мекемелер бас тартып отыр. Бірнеше жылдан бері мына көппәтерлі үйлердің тұрғындары иесіз қалған электр желілерінің зардабын тартып келеді. Чернышевский көшесі №134, 134а, 136а және 132а мекен-жайында орналасқан тұрғын үйлерде 40 шақты отбасы тұрады. Сәл жел көтерілсе болды, бұл үйлердің электр желілерінде қысқа тұйықталу болып, жарық сөніп қалады. Тұрғындар апаттық қызмет нөміріне қоңырау шалса, ондағылар түрлі сылтау айтып келмейтін көрінеді. Тұрғындар бұған дейін өз күштерімен бағаналар мен сымдарды сатып алып, электр желісін жүргізген. Алайда, апаттық жағдайлар бола қалса, жөндеуге жауапты мекеме болуы керек. Сол себепті өткен жылы қазан айында "Энергожүйе" ЖШС облыстың аймақтық электрожүйелік компаниясына хат жолдаған. Ол хатқа жауап та алған. Бас директордың қолы қойылған жауапхатта бұл үйлер ұйымда тіркеулі емес екендігі жазылған. Бұл тұрғын үйлерді электрожүйелік компанияға тіркеу үшін тұрғындар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне де жүгінген. Олар сот шешімімен электр желілері кемінде бір жыл иесіз тұруы керек деп жауап берген. Бұл еш ақылға сыймайды, бір жыл бойы қол қусырып қалай күтеміз, дейді тұрғындар.
Чернышевский көшесі тұрғындарының шағымын жеткізбек болып, біз де қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабарластық. Алайда, бөлім мамандары әдеттегідей жауаптан жалтарды. Жалпы қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы бөліміне қатысты арнамызға тұрғындар тарапынан келіп түскен алғашқы шағым емес. Біздің түсірілім тобы бұған дейін де бірнеше мәселелер бойынша аталмыш мекемеден жауап ала алмай келеді.
Количество показов: 721
Дата создания: 22.09.2020 18:34:33
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>