Чекалин көшесіндегі №30 үйде жылу жоқ
Мәселе - бес пәтерге ортақ тірек құбырда екен. Күзден бері жылусыз отырған үйге бүгін келіп, барлық құбырды тексеріп шыққан "Трансэнерго" мамандары осындай шешімге келді. Жылу таратушы мекеме өкілі тұрғындар ақша жинап, құбырды ауыстыруға дайын болса, мамандар жіберемін деді. Ал, пәтер иелері кооперативінің төрайымы тұрғындар өзіне келіп, ұсыныс жасағанда ғана, мәселені шешуге көмектесетінін айтты.
Количество показов: 1798
Дата создания: 04.12.2017 18:23:30