Бюджет қаржысын ұрлағандар ұсталды
"Қазақстан су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ақтөбе филиалының лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Мекеме облыстағы су-тоғандардың жағдайына жауапты жеке кәсіпорындармен заңсыз келісім шарт жасасу арқылы бюджет қаржысын талан-таражға салған. "Актобер" ЖШС-не Ақтөбе су шаруашылығы мекемесі 3 миллион 597 мың 830 теңгені 2012-ші жылы мамырда аударған. Бұл қаражатқа "Актобер" Ақтөбе су қоймасының бөгетін жөндеуі керек болатын. Бірақ, бұл жұмысты "Қазақстан су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ақтөбе филиалының өзі атқарған. Өз қаражатына. Ал "Актобер" серіктестігінің мұндай жүмысты атқаруға мүмкіндігі болмай шықты. Ол аздай жалған серіктестік бюджет қаржысын қолма-қол аударып алу үшін әдейі құрылған. Істі қаржы полициясы тергеп жатыр. Қарғалы су қоймасына бөлінген бір жарым миллион теңге қолдарына тиген күні "Мусса-Иса" серіктестігі өздерін банкрот деп жариялады. Осылайша Ақтөбе су шаруашылығы мекемесі жалған шаруашылық субъектілері арқылы пайда тапқан. 5 мың тонна ірі тастарды бір орыннан екінші орынға тасымалдау үшін жұмсалуы тиіс 40 миллион теңгеден астам қаржы "АКНСервисГрупп" ЖШС-нің есеп-шотына түскен. Ол ақша есеп-шоттан қолма-қол алынған. Оған қоса Ақтөбе су шаруашылығы мекемесі арнайы рұқсатсыз кен орнынан 5 мың тонна ірі тастарды алып, қоршаған ортаға 60 миллион теңге шығын келтірді. |
Количество показов: 2032
Дата создания: 23.10.2013 19:07:51