ҰБТ тапсырмаларына өзгерістер енгізіледі
Биыл ҰБТ тапсырмаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұрын тек математика пәнінен ғана логикалық тапсырмалар болса, енді оқушылар қалған төрт пәннен де осындай сұрақтарға жауап беретін болады. Бұл туралы бүгін облыстық оқу-әдістемелік орталығының бөлім бастығы Дина Жаманбаева мәлім етті. Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгеріс енгізуден жалығар емес. Биыл да жаңашылдықтар енгізілетінін бұған дейін министр Бақытжан Жұмағұлов айтқан болатын. Біріншіден, ҰБТ сұрақтарының үштен бір бөлігі жаңартылады. Мазмұны 30-40%-ға өзертіледі. Әр пәнде логикалық тапсырмалар берілетін болады. Министрдің мәлімдеуінше, логикалық сұрақ қатысушының оған ойланып барып, жауап беруіне мүмкіндік ашады. Бүгін №27 көпсалалы мектепте өткен семинар-кеңес кезінде білім сынағына дайындықты дұрыс ұйымдастыру мәселесі көтерілді. Семинар-кеңеске қатысып жатқандар-аудандардағы орта мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары. Жиналғандармен №27 мектептің ұстаздары тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтардың айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты бесінші сыныптан бастау керек. Оқушының білім сынағынан сүрінбей өтуіне себеп болатын фактор- психологиялық дайындық, дұрыс әдістеме, пән мұғалімдерінің өзара әріптестігі. Осының барлығы үйлесім табуы тиіс. Әр пәнге дайындық ретінде аптасына 3 сағат бөлінуі тиіс. Соңғы жылдары ата-аналар мектептен тыс уақытта репетитордың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, 2015 жылдан бастап ҰБТ екі кезеңде өтуі мүмкін. Біріншісі - ұлттық тестілеу түріндегі бітіру емтиханы, екіншісі - талапкерлерді кешенді тестілеу формасындағы ЖОО-ға түсу емтиханы . Қазір министрлікте дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтырғы мектеп түлектерінің білім сынағындағы көрсеткіші- көңілге қонымды. Республика бойынша соңғы ҰБТ қортындысы бойынша 2-орынға шықтық. |
Количество показов: 2479
Дата создания: 13.03.2013 18:58:20