Браконьерлер инспекторларды атқылады
Әйтеке би ауданында браконьерлер «Охотзоопром» инспекторларына оқ атты. Инспекторлардың көлігі зақымданған. Өздері аман. Қару кезенгендер Толыбай ауылына жақын жерде заңсыз киік аулап жүрген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттандырылды. «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары браконьерлерге рейд кезінде ұшырасқан. "Тойота" маркалы екі джипке мінген киікшілер бұларды көрген бойда аңшы мылтығынан оқ жаудыра бастаған. Қызметтік көліктің алдыңғы терезесі мен қапталы зақымданыпты. Қаскөйлер бәрібір қашып құтылған жоқ. Әйтсе де әккі киікшілердің бірі ұсталар кезде көлігіне от қойып үлгерген. Машина түгелдей жанып кеткен. Қолға түскендердің төртеуі Қызылорда облысының, екеуі Әйтеке би ауданының тұрғындары. Екінші джиптің ішінен нөмірі жоқ үш аңшы мылтығы, қару-жарақ, 12 дана киік мүйізі тәркіленді. Браконьерлер уақытша ұстау қапасында қамауда. |
Количество показов: 2287
Дата создания: 26.06.2013 18:40:26