Болашақ ұшқыш ауыр соққыдан көз жұмды
- Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтында тағы да төтенше оқиға.
- Өткен бейсенбі күні институттың екі курсанты арасында туындаған жанжал біреуінің өлімімен тынды. 3-курстың топ басшысы өз тобындағы курсантты соққыға жыққан. Көз жұмған жігіт Алматы облысынан деді дереккөз. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының тәрбие ісі жөніндегі кураторы оқиға жөнінде айтудан бас тартты. Алайда жоққа шығарған жоқ. Оқу орнында қазір арнайы комиссия жұмыс жасап жатқаны рас. Естеріңізге сала кетсек осы оқиға болардан бір апта бұрын 7-ші қыркүйек күні ұшқыштар даярлайтын оқу орнының тағы бір курсанты физикалық дайындықтан өту кезінде көз жұмған болатын.
Количество показов: 2303
Дата создания: 17.09.2012 19:28:46