Боксшылар жүлдемен оралды
Бокстан олимпиада ізбасарларын даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қос тәрбиеленушісі күміс жүлдемен оралды. Жігіттер тек ақтық сында сүрініпті. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов атындағы бесінші халықаралық турнирге сегіз мемлекеттің былғары қолғап шеберлері қатысқан. Атырауда өткен халықаралық турнирде облыс намысын қорғауға барған боксшылар арасында Баққожа Инаятуллаев пен Имран Шахсуварлының аты озды. Жиырмадағы жігіттер шаршы алаңда төрт кездесу өткізіп, ақтық сында сүрінген. 52 келі салмақта өнер көрсеткен Баққожа қырғыз боксшысынан айласын асыра алмаса , 75 келіде қолғап түйістірген Имран өз отандасына ғана есе жіберді. Қос жігіт те күміс жүлдені місе тұтып қайтты. Баққожа мен Имран -бокстан олимпиада ізбасарларын даярлайтын облыстық балалар мен жасөспірім спорт мектебінің мақтанышы. Қарашада өтетін ел біріншілігінде өздерінің жұдырықтасу техникасы жағынан өскендігін дәлелдей білсе, ел құрамасына қабылданады. Ол үшін- көп тер төгу керек, дейді мектеп директоры Әлімбек Балмағамбетов. Себебі, құрамадағы қарсыластары осал емес. Мысалы, Баққожа Инаятуллаевтың салмағында қазір Олжас Сүлейменов сынды боксшы бақ сынап жүр. Аталған мектептен бокстан ел құрамасына әзірге жалғыз жігіт- Нұрбол Қалжан қабылданды. Атырауда өткен халықаралық жарысқа Нұрбол қатыспаған. Жарақатын емдеп жатыр, дейді жаттықтырушылары. Қазір мектепте 428 бала жаттығып жүр. Оның 3-і- спорт шебері, ал 10-ы-спорт шеберлігінен үміткер. |
Количество показов: 2131
Дата создания: 02.05.2013 17:57:05