Блогерлер мен мемлекеттік қызметшілер "Маска" шоуына қатысты
Бүгінгі "Маска шоу" байқауына әлеуметтік желіде көпшілікке танымал болып үлгерген блогерлер, белгілі өнер адамдары қатысуда. Ұйымдастырушылар үміткерлердің арасында әкімшілік қызметкерлері де бар екенін айтты. Маскадағы мемлекет қызметкері де өзге үміткерлермен қатар би билеп ән салып, өз өнерін ортаға салды. Байқау шарты барлық қатысушыға бірдей.Қатысушылардың барлығы да әртүрлі жануарлардың костюмдерін киіп, көрермендердің көңілін көтеруге тырысты. Ал, қазылар алқасы маскадағылардың іс қимылына, ән салу шеберлігіне жеке-жеке баға береді. Бұл шоуда жеңімпаз болмайды, қатысушылар әртүрлі номианциялар бойынша марапатталады.
Количество показов: 325
Дата создания: 06.04.2024 07:50:07