"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы кәсіпкерлерді қолдайды
Агроөнеркәсіп кешені, кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер, көлік және қойма қызметін қолға алғысы келген кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Себебі, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасында аталған салаларға басымдық беріліп отыр. Бұл туралы бүгін кәсіпкерлермен өткен кездесу кезінде "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының менеджері мәлімдеді. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы 2014 жылға дейінгі мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып саналады. Тек шикізатты өндіруге қол жайып, қарап отырмай, өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға бағытталған бағдарламаның мүмкіндері мол. Үкіметтің өзі қолдау көрсетіп отыр, дейі бүгінгі жиынға қатысқан "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының жергілікті филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиев. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетіледі. Мысалы, екінші деңгейлі банктер арқылы жылына 14 пайыздық үстемемен несие беріледі делік. «Даму» қоры кәсіпорынға мемлекеттік бағдарлама бойынша қолдау көрсетіп, сол несиесін жылына 7% субсидиялайды. Қор тарапынан жасалып отырған тағы бір көмек- кепілдеме мәселесі. Жаңа бизнес-бастамаларға да қолдау - ерекше. Оларға арнайы гранттар белгіленген. Кәсіпорын ретінде тіркелген мерзімі 1 жылдан аспағандар байқауға өздерінің бизнес-жоспарларын ұсына алады. Гранттың жүлде қоры- 3 млн теңге. Қойылатын басты талап- егер кәсіпкердің ұсынған жобасының құны 3 млн 700 мың болса, соманың 20 пайызын өзі қаржыландыруы тиіс.
2010 жылдан бері "Бизнестің жол картасы" шеңберінде қала бойынша 120 шағын кәсіпкерлік нысаны іске қосылды. Облыс бойынша бұл көрсеткіш 150-ді құрайды. Өзге өңірлермен салыстырғанда, бұл- жақсы жетістік. Негізінен, бағдарламаның бірінші бағыты- жаңа бизнес бастамаларды қолдауға жүгінетіндер көп. Кәсібін ашқысы келетіндер үшін арнайы жүргізілетін дәрістер де кәсіпкерлерге көп көмегін тигізуде. Осыны ескерген қалалық кәсіпкерлік бөлімі 18-ші-19-шы маусым аралығында "Бизнес-кеңесші" шарасын өткізуді жоспарлап отыр.
|
Количество показов: 2347
Дата создания: 23.05.2013 18:03:07