Шаһардағы сұлулық салондарының да жұмысы жанданды. Шаштараздар да ашық. Фитнес залдары да таңертеңнен бастап келушілерін қабылдай бастады. Айға жуық есіктерін тарс жапқан нысандар алды ертемен кісі қарасына толды. Шаш қиятын орындарда тіпті кезек қалыптасты. Жұртшылық жұмысын қайта бастаған салондардың іске қосылғанына қуаныштарын білдірді. Бұл Тургенев көшесіндегі шағын шаштараздардың бірі. Бүгін жұмысы қайта жанданған нысанның алдында жарты сағаттың ішінде кезек қалыптасып қалған. Шаштараз әкімшісі келушілерге кезекке тұрмаңыздар деп ескерткенімен сөзді тыңдап тұрған жан көрінбейді. Жұртшылық, әсіресе ер адамдар айдан аса шаш қимау қиындық тудырғанын мойындады.
Шаштараз, сұлулық салондарынан бөлек спа-салондары, монша, жаттығу залдарының жұмысы жанданды. Фитнес орындары таңғы 10-нан кешкі алтыға дейін келушілерін қабылдай алады. Жаттығу залдарына алдын-ала жазылып та, жазылмай да келуге мүмкіндік бар. Залда бетпердесіз шынығуға рұқсат. Қызмет көрсету орындарында санитарлық талаптар, жеке бас гигиенасы қатаң сақталуы шарт. Бетперде тағып, қолды антисептик сұйықтығымен жиі тазалап отыру ескертіледі. Ал талапты орындамағандарға 83 мыңнан 100 мың теңге аралығында айыппұл салынады.
Количество показов: 723
Дата создания: 17.08.2020 19:18:39
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>