Биылдыққа 6 ақтөбелік пойыз астына түсіп, мерт болды
Бір апта бұрын қала ішінде 17 жастағы қызды пойыз түйіп кетті. Зардап шегуші ауруханада жатыр. Соңғы уақытта қала ішімен өтіп жатқан темір жол бойында мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Тұрғындар жүрісін қысқартпақ болып, шойын жолды белгіленбеген жерден кесіп өтеді. Бүгін желілік полиция басқармасы қызметкерлері Ақтөбе темір жол станциясы өкілдерімен бірлесе ақтөбеліктерге кезекті рет ескерту жасады. Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі маңынан темір жол өтіп жатыр. Сол шойын жолдың бойында қызметтік өткел бар. Вокзал қызметкерлері мен жұмысшылары ғана қажет уақытта пайдаланады. Өзге адамдарға бұл жермен жүруге рұқсат жоқ. Алайда қала тұрғындары ескертуге құлақ асар емес. Өздеріне арналған өткелді алыссынып, осы жерді жол қылып алған.
6-шы қазан күні дәл осы жерде 17 жастағы қыз бала жүк пойызының астына түсе жаздады. Абырой болғанда жасөспірім жарақатпен құтылды. Желілік полиция қызметкерлері биылдыққа 29 рейд өткізген. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіледі. Әйтсе де ақтөбеліктер арасында жол қысқартамын деп, бастарын бәйгеге тігушілер азаяр емес. Жыл басынан бері пойызды жедел тежеудің 57 дерегі тіркелген. Басым бөлігіне адамдар кінәлі. Биылдыққа 6 адам пойыз астына түсіп, мерт болған. 17 жағдайда шойын жол бойында мал жайылып жүрген.
Количество показов: 756
Дата создания: 12.10.2020 19:12:11
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>