Биылдан бастап өңірде кәсіпкерлердің қаржысына әлеуметтік нысандар салына бастайды
Жобаның тағы бір артықшылығы- тұрғызылған әлеуметтік нысандар инвестордың меншігінде қалады. Тұрғызылған ғимараттың 20 жыл бойы статусы өзгермеуі керек. Жобаға қатысқан кәсіпкер білім беру қызметімен айналысуға рұқсат беретін лицензия алады. Мемлекеттік тапсырысты орындай отыра, сегіз жыл бойы әрбір оқушы үшін мемлекеттен 96 АЕК көлемінде қаржы алады. Ал егер кәсіпкер бұрыннан бар ғимаратты мектеп етіп қайта жаңғыртқан болса, 47 АЕК мөлшерінде өтемақы алып отырады.
Әлеуметтік нысандарды салу жобасына өңірден үш кәсіпкер қатысқан. Қалада жеке мектептер салынып біткен. Қыркүйек айында ашылады. Жоба жатақхана тұрғызу жағынан ақсап тұр. Оған шағын қалалар мен аудандық кәсіпкерлерді тарту жағы қарастырылуда.
Количество показов: 622
Дата создания: 19.04.2021 18:20:28